Гоби шөлінде әлемдегі ең үлкен түйе жарысы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гоби шөлінде әлемдегі ең үлкен түйе жарысы өтті. 1 115 жануар қатысқан оқиға Гиннестің рекордтар кітабына енгізілетін болады, деп хабарлады Лента.ру.

Қатысушылар 15 шақырым жолды шауып өтуі тиіс болған. Жеңіс мәресіне жүйрік жануар 35 минут 12 секундта жетті. Жарыстың 68-ші минутында соңғы қатысушы (1108-ші түйе) көмбеге жеткеннен кейін ғана сайыстың аяқталғаны хабарланды.

Жарыс «Моңғол түйесі-999» шарасы аясында өтті. Түйе бәйгесін «Тумэн тэмээ» түйелермен саяхат жасау қауымдастығы мен Моңғолия жастары одағы ұйымдастырған.

Түйелердің жыл сайынғы фестивалі 1997 жылдан бері Моңғолияның Даланзадгад қаласы маңында өтеді. Бұл жарыс жергілікті тұрғындарға туризмнен түсетін табыстың өсуіне сеп екен. Жарыстан басқа, түйешілер жануарларына мініп поло ойнайды.
Бұған дейінгі әлемдік рекорд Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия айданында орнатылған, ол кезде жарысқа 550 түйе қатысты.
Түйелер бәйгесі сондай-ақ, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Мысыр, Бахрейн, Иордания, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман және Австралия аумағында өткізіліп тұрады.

Соңғы жаңалықтар