Гоа жағалауында Үндістанның әскери ұшағы апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Үндістан әскери-теңіз күштерінің ұшағы Гоа штаты жағалауына жақын жерде оқу ұшуын орындау кезінде апатқа ұшырады.

Ұшақтың бортында үш адам болған: олардың біреуі құтқарылса, тағы екеуі із-түссіз жоғалып кетті.

Оқиға орнында іздеу-құтқару іс-қимылдары жүргізіліп жатыр.

Ұшақтың апатқа ұшырауының себептері туралы әзірге ештеңе хабарланбауда.

Соңғы жаңалықтар