Глубокое ауданында су тасқынының алдын алу үшін жаңа көпір салынды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында су тасқынының алдын алу үшін көпір салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін өңірге жұмыс сапарымен Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерлан Саиров, Зарина Камасова мен Еділ Жаңбыршин келді.

Ондағы негізгі мақсат – су тасқыны қаупі жоғары учаскелерді аралап, құтқарушылардың дайындық жұмыстарына тексеру жүргізу.

«Бірінші кезекте олар Глубокое ауданы Белоусовка кенті Глубочанка өзеніндегі бөгенге барып, сондағы ахуалмен танысты. Одан соң су басу қаупі туындап отырған Прогресс және Предгорное ауылдарына табан тіреп, тасқынның алдын алу шараларын қадағалады. Бүгінде Глубокое ауданында 2335 адам тұратын 925 үйді су басуы мүмкін», - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Прогресс ауылында жаңа көпір салынды. Ол қарғын судың өткізілуін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жағдай шиеленіскен жағдайда ауданда жеке құрамнан 50 адам, 10 техника және 34 мотопомпа дайын тұр.


Соңғы жаңалықтар