Гладиаторлар сияқты: Маск пен Цукерберг Колизейде күш сынасады

None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Италия үкіметі Рим Колизейінде Илон Маскке қарсы UFC жекпе-жегін ұйымдастыру үшін Марк Цукербергпен байланысқа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат TMZ Sports басылымына сілтеме жасап.

Италия Мәдениет министрі Колизейде әлем тарихындағы ең үлкен айқасты ұйымдастыру ісіне қатысты бірнеше күн бұрын Цукербергпен хабарласқан. Ал Цукерберг командасы UFC президенті Дана Уайтқа хабарлама жіберді. Оның адамдары елдің Мәдениет министрімен байланысқан.

Әлемнің 7 кереметінің бірі саналатын, жекпе-жек өткізілетін орынға келер болсақ, 2000 жылдық тарихы бар амфитеатрда жүздеген жыл бойы үлкен іс-шара өтпеген.

2003 жылы Сэр Пол Маккартни Колизейде 400 көрерменге арнап эксклюзивті қайырымдылық шоуын өткізген болатын. Көрерменнің әрқайсысы 1 500 доллардан төлеген еді. Ад қалған концерттер ғимараттың сыртында өткізілген. Әзірге Маск пен Цукерберг айқасы қайда өтетіні (Колизей ішінде немесе сыртында) белгісіз.

Мұндағы қарсыластардың салмағы мен бойындағы айырмашылық ең үлкен кедергі болып отыр. Өйткені Маск Цукербергтен әлдеқайда ірі және ұзын. Дегенмен алдағы уақытта ереже өзгеруі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Илон Маск Марк Цукербергке қарсы жекпе-жекке қызу дайындық жүргізіп жатқанын хабарлаған едік. Қос миллиардердің октагонда жекпе-жек өткізуіне қатысты идея 20 маусымда туындаған.


Соңғы жаңалықтар