Гитлердің қолсағаттары аукционда 1,1 млн долларға сатылды

None
None
АҚШ. ҚазАқпарат – Фашистік Германия басшысы болған Адольф Гитлерге тиесілі делінген қол сағаттар АҚШ-тың Мэриленд штатындағы аукционда 1,1 млн долларға сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

Сағаттарды кімнің сатып алғаны белгісіз. Өйткені, сатып алушы адам аукционға анонимді түрде қатысқан.

Гитлерге тиесілі болған «Huber» фирмасының сағаттарында свастика бейнеленген және AН инициалы ойып жазылған.

Аукцион каталогында сағаттар Адольф Гитлерге 1933 жылы ол фашистік Германия көшбасы болған уақытта туған күніне сыйлық ретінде берілгені жазыған.

Сондай-ақ, аталған аукционға Гитлердің жұбайы Ева Браунға тиесілі көйлек те қойылған.

Қоса кетсек, бірнеше күн бұрын көне динозаврдың сүйегі аукционда 6 млн долларға сатылғанын жазып едік.


Соңғы жаңалықтар