Гитлер туралы айтқан америкалық танымал рэпердің твиттердегі аккаунты бұғатталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Рэпер Канье Уэсттің твиттердегі аккаунты «Гитлер туралы даулы мәлімдемелер» жазғаны үшін тағы да бұғатталды. Бұл туралы бейсенбі күні Илон Маск медиаплатформасы мен әлеуметтік желілерінің иесі жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Кейбір дереккөздердің жазуынша, америкалық рэпер Уэст журналист Алекс Джонспен сұхбатында Гитлер мен нацистерге деген таңданысын білдірген.

«... Әр адам өзінше құнды, әсіресе Гитлер. Мен Гитлерді жақсы көремін», - деді Уэст радиодан.

Оның аккаунты тоқтатылатынын жариялаған Маск көптеген музыкалық сыйлықтардың иегері «зорлық-зомбылыққа шақыруға» тыйым салатын Twitter ережелерін бұзғанын түсіндірді.

Айта кетсек, Уэсттің аккаунты - Twitter-дегі ең танымал және даулы аккаунттардың бірі.

Еске салсақ, Илон Маск биылғы қазан айының соңында Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алған еді. Содан кейін Илон Маск Дональд Трамптың Twitter-аккаунтын блоктан шығарды.
Соңғы жаңалықтар