Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін «Әбу-Даби Плаза» жайында не білеміз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрылыс саласының мамандары «Әбу-Даби Плаза» кешені Гиннестің рекордтар кітабына кіруі мүмкін екенін айтуда. Бұл нысан Астананың көркін келтіретін көркем сәулетті кешен екені сөзсіз. Сондықтан ол өте маңызды ірі жобалардың санатына жатқызылғандықтан, Астана күніне орай елордада бой көтеріп жатқан осы ауқымды әрі ірі нысан жайында ақпаратты көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдік.

Атап айтқанда, бүгінде Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» көпфункционалды кешені Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы келісімнің негізінде салынып жатыр. Қазіргі кезде кешен аумағындағы бірқатар нысандардың құрылысы мәреге жетсе де, соның ішіндегі ең биік ғимараттың құрылысы жалғасуда. Ол Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия бойынша да ең биік құрылыс нысаны болмақ. Бұдан бұрын хабарланғандай жалпы жобаның құны - 1,6 млрд АҚШ доллары.

Кешен құрылысы 2011 жылдың наурызында басталып, болжам бойынша 2018 жылдың желтоқсанында толық пайдалануға беріледі деп күтілуде.  «Әбу-Даби Плаза» кешені түрлі мақсаттағы блоктардан тұрады, олардың барлығы бірге көпфункционалдық биік ғимаратты құрайды. Атап айтқанда, онда кеңселер, қонақ үй, тұрғын үй кешені бар. Құрылыстың жалпы ауданы 500 мың шаршы метрге жуық.

Бұған дейін «Алдар» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Абубакер Сэддик эль Хури «Әбу-Даби Плаза» кешені Гиннестің рекордтар кітабына кіруі мүмкін екенін мәлім еткен болатын.

null 

«Бұл «Бәйтеректің» көрінісі ашылып тұратын көпбейінді кешен болады. Ғимарттың биіктігі 320 метрді құрайды. Негізі, бұл толық биіктігі емес. Бәлкім бүкіл Орталық Азия бойынша Гиннестің рекордтар кітабына кіріп қалармыз. Мұнда Біріккен Араб Әмірлігіндегі нысандар құрылысында пайдаланатын барлық жаңашылдықтар қолданылады», - деді ол.

Биіктігі 75 қабатты құрайтын «R» блогында 106 мың шаршы метрді құрайтын 446 пәтер болады. Ал 29 қабатты «О» блогының жалпы аумағы - 68 мың шаршы метр. Қонақүй мен қызмет көрсету орындарына арналған «Н» блогының биіктігі небәрі 14 қабатты құрайды, жалпы аумағы - 32 мың шаршы метр. 30 қабатты «Y» блогында тек кеңселер ғана орналасады. Оның жалпы аумағы - 64 мың шаршы метр.

Негізінен тұрғын үйлерге арналған 16 қабатты «Z» блогында жалпы аумағы 20400 шаршы метрді құрайтын 122 пәтер болады.

Қазіргі уақытта кешенде 3 құрылыс компаниясы жұмыс істеп жатыр. оның бірі 2013 жылдың маусымында анықталған құрылыс кешенінің жаңа бас мердігері - «Arabtec» және «Consolidated Contractors Group» компанияларынан құрылған бірікке кәсіпкерлік. Тіркелген атауы -  Arabtec Consolidated Contractors Limited компаниясының филиалы.

Фото: archi.ru

Соңғы жаңалықтар