Гиннестің рекордтар кітабына енген актер 100 жасқа толды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясында танымал театр және кино актері, КСРО-ның Халық әртісі Владимир Зельдин 100 жасқа толған мерейтойын атап өтті, деп хабарлады ВВС.

В.Зельдин Тамбов облысында дүниеге келген. Шығармашылық қызметін 1930-шы жылдары бастаған. Киноға алғаш рет 1939 жылы түскенімен (Григорий Рошальдің «Оппенгеймнің отбасы» картинасы), 1941 жылы Иван Пырьевтің «Шошқа бағушы әйел мен малшы» фильмінде басты рөлді сомдағаннан кейін ғана танымал болды.

Қазіргі кезде актер осыдан 70 жыл бұрын жұмысқа орналасқан Мәскеудегі Ресей әскері театрында жұмыс істейді.

Қартайған уақытында да сахнаға шығып жүрген әлемдегі жалғыз актер ретінде Владимир Зельдиннің есімі Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

Соңғы жаңалықтар