Гиннесстің рекордтар кітабы 2014 жылдың басты жетістіктерін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гиннесстің рекордтар кітабының авторлары 2014 жылдың басты жетістіктерін атады. Бұл жолы шөлмек тығындарынан бөшке үлгісіндегі алып мозаика құрастырған ресейлік-франциялық команда жеңіске жетті.

Композицияның аумағы - 150 шаршы метр. Оны жасау үшін 285 мың тығын мен 270 келі желім қажет болды. «Алып бөшке» атауын алған мозаикада ежелгі Грекия құдайлары, Санкт-Петербор мен Бордо көріністері бейнеленген. 2014 жылдың жазында бұл жұмыс Франция қаласының жағалауында өткен жыл сайынғы шарап фестивалінің аясында ұсынылған. Туындының авторлары - ресейлік Сергей Сидоров пен Франция азаматшасы Эльвира Газизова.

Жылдың басты жетістігі Гиннесстің рекордтар кітабының сайтындағы дауыс беру қорытындылары бойынша анықталды. Сайтқа кірушілер алдымен финалға шыққандар арасынан алты жетістікті таңдады. «Алып бөшкеден» басқа, олардың арасына Португалия, АҚШ және Жапония тұрғындарының орнатқан рекордтары енген. Одан кейін дауыс беруге қатысушылар жеңімпазды анықтады.

Соңғы жаңалықтар