Гинцбург: «Спутник V» вакцинасын алғаннан кейін кез келген вакцина салдыруға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ковидке қарсы «Спутник V» вакцинасын салдыртқан соң, қайта егу үшін кез келген вакцинаны қолдануға болады, бірақ ең жақсы қорғаныс беретін - «Спутник Лайт». Бұл ретте Moderna немесе Pfizer сияқты мРНК-вакциналарын «Спутник V»-пен бустерлеген жөн. Бұл туралы Н.Ф.Гамалея атындағы орталық директоры Александр Гинцбург мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Спутник V» вакцинасының дельта штамға қарсы тиімділігі түрлі бағалау бойынша 83-90 пайыз аралығында. Бұл – басқа екпелерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Сондықтан Moderna мен Pfizer-ді «Спутникпен», ал «Спутник V»-ті «Спутник Лайтпен» бустерлеген жөн. Басқа вакциналармен бустерлеуге де болады, бірақ ұсынылған әдіс – ең тиімдісі», - деп баяндады ғалым.

Ол РКН-вакциналарының коронавирустың «дельта» алдынғадығ штамдарына қарсы жақсы иммундық жауап беретінін түсіндірді. «МРНК-вакциналар жақсы, бірақ олардың жасушаларымызға жеткізетін антиген ақуыздың бір кеңістік пішінде орналасатынындай құрылған. Оның «дельтаның» алдында пайда болған Ухань және тағы басқа штамдарға қарсы иммундық жауабы өте жоғары», - деп қосып өтті ол.

Бұған дейін РФ Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко «Спутник V» вакцинасын салдыртып, қайта егуге «Спутник Лайтты» қолданудың тиімділігі өте жақсы нәтиже көрсетіп отырғанын, коронавирустан қорғаныстың 92 пайыздан асқанын мәлімдеген.


Соңғы жаңалықтар