Ғимарат опырыла құлап, 5 адамның өмірін қиып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 26 қыркүйек күні, Үндістанның астанасы Нью-Делиде үш қабатты ғимарат құлап, кем дегенде  5 адам мерт болды, деп хабарлайды NDTV телеарнасы.

Полицияның мәліметінше, қаза тапқандар - бір әйел адам мен төрт бала.

Құтқарушылар қазіргі уақытта үйінділерді жинауда. Олардың астында адамдардың қалып қоюы мүмкін деген қауіп бар.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ғимараттың құлауына құрылыстың ескіруі себеп болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар