Гибралтар УЕФА мүшесі атанды

None
None
АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - УЕФА құрамына кіретін елдердің саны тағы біреуге артты. Еуропа футбол қауымдастығының президенті Мишель Платини ұйым құрамына Испания маңында орналасқан Гибралтар аралын ресми түрде қабылдады.

Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталынан хабарланды.
Гибралтар енді 2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу жарысына жеке ел ретінде қатысады.
Бұл ел 2007 жылы УЕФА құрамына кіруге ұсыныс жасаған. Бірақ еуропалық футбол одағы бұл ұсынысты қабылдамай тастаған еді. Ал Гибралтар аралының иесі болып саналатын Испания егер бұл елді УЕФА құрамына қабылдаса, жарыстарға байкот жариялайтынын мәлімдеген. Осыдан кейін УЕФА 2007 жылы бұл елді қатарға қоспаған еді. Енді 24 мамыр күні өткен УЕФА отырысында 29 мың халқы бар арал толыққанды УЕФА мүшесі болды. Дегенмен, іріктеу жарыстарында Испания мен Гибралтар аралдары ешқашан бір топқа түспейді.

Соңғы жаңалықтар