GGG мен «Канело» арасында үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін
2018 жылғы 30 тамыз 18:47

GGG мен «Канело» арасында үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орташа салмақ дәрежесі бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы алдағы Сауль Альвареске қарсы рематч қаржылық тұрғыдан тиімді болғандықтан, оны өткізуге келіскенін мойындады. Сондай-ақ, боксшылар үшінші мәрте рингке шығуы мүмкін екенін де жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Леффлер боксшылар арасында үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін екенін айтты. Алайда бұған 15 қыркүйекте өтетін қарымта кездесудің мерзімінен бұрын нокаутпен аяқталуы кедергі келтіруі мүмкін.

«Осыншама ақша табу үшін бізге «Канело» қажет. Егер одан да танымал боксшы табылғанда, әңгіме басқаша болар еді. Ал «Канелоның» жолы болды, ол Котто мен Чавеске кездесті. Ол үшін енді Головкиннен мықты боксшы жоқ.

Геннадий үшін де Саульдан артық боксшы табыла қоймас. Сондықтан, бұл айқас қыркүйекке жоспарланбағанның өзінде келешекте өтер еді. Алайда жекпе-жектің күні белгіленіп отыр, сондықтан барлығы оның өткізілу барысына байланысты болады. Үшінші кездесу болуы мүмкін, алайда 15 қыркүйектегі жекпе-жек нокаутпен аяқталатын болса, рематчтың болуы екіталай», - деді Т. Леффлер.

Jańalyqtar

MURAǴAT