GGG қарсыласы «Канело» P4P рейтингінің ТОП-10 тізімінен шығып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал британдық WorldBoxingNews.net сайты салмақ дәрежесінен тыс, әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Sports.kz.

Үздіктердің алғашқы үштігі өзгеріссіз қалды. Украина боксшысы Василий Ломаченко әлі де көш бастап тұр. Америкалық Теренс Кроуфорд екінші орынға, ал Қазақстан боксшысы Геннадий Головкин үшінші орынға табан тіреді.

Сонымен қатар, Головкиннің 15 қыркүйектегі қарсыласы Сауль «Канело» Альварес жаңартылған нұсқада жетінші орыннан он бесінші орынға түсіп кеткенін айта кету керек.

Дәрежелер кестесінің алғашқы ондығы мынадай:

1 (1). Василий Ломаченко (Украина)
2 (2). Теренс Кроуфорд (АҚШ)
3 (3). Геннадий Головкин (Казақстан)
4 (4). Майки Гарсия (АҚШ)
5 (22). Мэнни Пакьяо (Филиппин)
6 (5). Наоя Иноуэ (Жапония)
7 (6). Энтони Джошуа (Ұлыбритания)
8 (8). Срисакет Сор Рунгвисаи (Таиланд)
9 (9). Лео Санта Круз (Мексика)
10 (10). Ваенхонг Менайотин (Таиланд)

Соңғы жаңалықтар