GGG «Канелодан» жеңілгеннен кейінгі жоспарымен бөлісті
2018 жылғы 26 қыркүйек 10:14

GGG «Канелодан» жеңілгеннен кейінгі жоспарымен бөлісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин промоутері Том Леффлермен кездесіп, алдағы жоспарларын талқылады, деп хабарлайды Sports.kz.

15 қыркүйекте Геннадий төрешілердің шешімімен Сауль «Канело» Альварестен жеңіліп, WBA (Super), WBC және IBO белбеулерінен айырылған еді.

Леффлер GGG-мен не туралы әңгімелескенін айтты:

«Геннадий барлығын ой елегінен өткізу үшін аз уақыт үзіліс алады. Ол қашан бокстасқысы келетінін айтқан жоқ. Негізі Геннадий төрешілердің шешіміне әлі де ренжулі. Бірақ, мен оны биыл айқасады деп ойламаймын».

«Канеломен» үшінші айқасқа келер болсақ, ол - бокстағы ең маңызды жекпе-жектердің бірі. Үшінші кездесуді қашан ұйымдастыру керектігін жақсылап егжей-тегжейлі ойластыру керек.

Жанкүйерлер - спорттың өмірлік күші, олар төрешілердің шешіміне наразы болды. Сондықтан, үшінші айқасты көргілері келеді. Бірінші жекпе-жекке қарағанда екінші айқастың нәтижесіне көбірек қарсылық танытты, себебі бұл жолы Геннадий өз титулдарынан айырылды. Егер жанкүйерлердің әлеуметтік желіге жазғандарын қарасаңыз, олардың бәрі GGG-ді жеңді деп есептейді немесе өз титулдарын сақтап қалды деп санайды», - деп келтірді Boxingscene.com Леффлердің сөзін.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT