«GGG феномені» деректі фильмі шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Профи Бокс Казахстана» тобы Вконтакте әлеуметтік желісінде Геннадий Головкин туралы жаңа фильмді орналастырды.

«WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин туралы «GGG феномені» деп аталатын жаңа деректі фильм шықты», - деп жазылған онда.

Айта кетейік, 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Мэдисон Сквер Гарден спорт кешенінде Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Даниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) кездесетін болады.  Қазақстандық боксшының промоутері Том Лёффлер аталмыш айқасқа билеттердің сатылым қарқынына таңданысын білдірген еді.  

Головкин биыл сондай-ақ, мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен, Мэнни Пакьяомен, Андре Уордпен немесе Сергей Ковалевпен 
кездесетіні күтілуде.

Соңғы жаңалықтар