GGG-дің жанкүйерлері жекпе-жекке дейін тағы бір шеру ұйымдастырды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), WBC, IBF мен IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) қазақстандық фанаттары өз жерлесіне қолдау көрсету мақсатында шеру ұйымдастырды. Аталған шара АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бірер минуттан кейін Лас-Вегастың "T-Mobile" аренасында кәсіби бокста әлі бірде-бір рет жеңілмеген Triple G мексикалық бокстың жарық жұлдызы - Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жұдырықтасады.

АҚШ-та аталған жекпе-жек HBO арнасында ақылы трансляциямен (pay-per-view) көрсетіліп жатыр. Ал қазақстандықтар үшін оны «Qazsport» пен «Qazaqstan» арналары тегін көрсетіп жатыр.











Соңғы жаңалықтар