GGG-дің Роллсты нокаутқа түсірген видеосы жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Геннадий Головкиннің канадалық Стив Роллсты нокаутқа түсірген видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнежазбада төртінші раундтағы нокаут сәті көрсетілген. Головкин джебпен ұра жүріп, сол қолмен xук арқылы Роллсты есеңгіретіп тастаған.

Жарияланған видеода канадалық боксшы біраз уақыт ес жия алмай, ринг шетіне отырып қалды.

Айта кетейік, бұған дейін жеңіліп көрмеген жерлесіміз Әли Ахмедов тәжірибелі америкалық Маркус МакДэниэлден басым түсті. Ал Головкин-Роллс айқасының андеркартында шаршы алаңға шыққан тағы бір отандасымыз Бақтияр Эюбов америкалық Брайан Себальоға есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар