GGG-дің бұрынғы қарсыластары - Альварес пен Джейкобс жұдырықтасатын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы айқасында Геннадий Головкинді жеңген мексикалық әлем чемпионы (орташа салмақтағы WBC/WBA (Super) нұсқасы бойынша) Сауль «Канело» Альварес IBF титулының иегері Дэниэл Джейкобспен кездесу өткізетіні ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Golden Boy» промоутерлік компаниясының Туиттердегі парақшасында хабарланғандай, кездесу 4 мамыр күні өтеді.

Әзірге екі боксшының қайда кездесетіні белгісіз. Айқас Астана уақыты бойынша 5 мамыр күні таңертеңгі уақытқа белгіленген.

Еске сала кетсек, мексикалықпен кездескелі отырған Дэниэл Джейкобс қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен 2017 жылдың наурыз айында жұдырықтасқан болатын. 12 раундқа дейін GGG-дің қарқынына шыдас бергенімен америкалық төрешілердің шешімі бойынша жеңіліс тапқан еді.

Ал өткен жылдың қыркүйек айында Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) рематчы өтіп, GGG өмірінде тұңғыш рет жеңілістің ащы дәмін татқан болатын.

Соңғы жаңалықтар