GGG бәрібір жеңімпаз - Головкиннің жеңілісін қазақстандықтар қалай қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің тұңғыш жеңілісін отандастарымыз қалай қабылдады. ҚазАқпарат тілшісі әлеуметтік желілерді ақтарып, қазақстандықтардың реакциясын анықтап көрді.

«Сен біз үшін бәрібір үздіксің! Сен нағыз чемпионсың. Қазақстанның атын шығарып жатқаныңа көп рахмет! Алға!!!», - деп жазды өзінің Инстаграм парақшасында әнші Димаш Құдайберген.null 

Отандасымызға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да қолдау білдіріп жатыр.

«Гена, сен біздің Чемпионымызсың, саған алғысымыз зор, қолыңнан келгеннің барын жасадың. Баршамыз сені мақтан тұтамыз!», - деп жазды министр Фейсбук парақшасында.

«Зерлі шапанды GGG бәрібір жеңімпаз болып қала береді!» деп жазды сондай-ақ әлеуметтік желіде «Egemen Qazaqstan» басылымының басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.

null «Таяуда Түркі академиясы (TWESCO) әзірлеген Түркбарометр әлеуметтік зерттеулер жобасында "Қазақ елінің абыройын асқақтатып жүрген спортшылардан кімдерді білесіз?" деген сауалға бауырлас елдердің өкілдері бірауыздан Геннадий Головкин мен марқұм Денис Тенді атаған екен. GGG - қазақтың бүгінгі батыры!», - дейді Дархан Қыдырәлі.

«Майк Тайсон да, Мұхамед Әли де жеңілген» дейді әлеуметтік желідегі қолданушылар. Қалай дегенмен, отандастарымыз сүйікті боксшысын бәрібір қолдайтындарын жазып жатыр.

Соңғы жаңалықтар