GGG бапкері: Көрермендер былтырғыдан өзгеше айқас күтеді

None
None
ЛАС-ВЕГАС. ҚазАқпарат - Америкалық бокс әуесқойлары Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО)  мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін сенбілік рематчтың тікелей көрсетілімін тамашалау үшін 85$ төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

GGG бапкері Канело көрермендерге былтырғыдан әлдеқайда мықты айқас көрсетуге міндетті деген пікірді ұстанады.

«Өткен сенбіде алты боксшы жеңуге тырысқан үш жекпе-жекті тамашаладық. Көрермендер дәл осыны күтеді. Ешкім біреудің айқастан жалтаруын тамашалау үшін 90$ жұмсағысы келмейді. Канело дәл осындай ыңғайлы жолды пайдалана алады.  Мен Канелоға ақылмен жұдырықтасуға кеңес берер едім. Дегенмен ол раундтарда жеңіске жетті. Ол мықты қорғана алады, жақсы контрпанчер дер едім. Сондықтан дәл осылай жұдырықтассын!»,- деді Санчес.

Еске салайық, 15 қыркүйекте (Қазақстанда - 16 қыркүйек, таңертең) Геннадий Головкин Сауль Альвареспен Лас-Вегасте кездеседі. 

Соңғы жаңалықтар