+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«GGG» Альваресті алғашқы айқас алдында допинг пайдаланды деп айыптады

2018 жылғы 21 наурыз 10:55
Бөлісіңіз:
«GGG» Альваресті алғашқы айқас алдында допинг пайдаланды деп айыптады

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 16 қыркүйек күні өткен алғашқы жекпе-жекте оның қарсыласы Сауль Альварестің тыйым салынған заттардан «таза» болғанына күмән келтіруде, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұдан бұрын 17 және 20 ақпанда алынған екі допинг-сынамада «Канелодан» кленбутерол табылған еді. Бірақ кейін мексикалық боксшы үш рет қосымша тест тапсырып, одан ешқандай допинг ізі табылмады.

«Оның бұлшықеттерінен инъекцияның іздері айқын көрініп тұрды. Суретке қарап, дәрігерлерден сұраңыз», - деп келтіреді Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайр GGG-дің сөзін.

Головкин мен Альварестің реваншы 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді.

Еске салайық, наурыз айының басында Сауль Альварестен алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылды. Оның мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшының қан құрамынан тыйым салынған препарат - Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растаған болатын.

Ал кеше Головкин допинг дауынан кейін «Канелоға» айқасуға тыйым салынса, келесі жекпе-жегін кіммен өткізетінін айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT