+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Гетенің еңбектері қазақша кітап болып шықты

2019 жылғы 29 тамыз 14:48
Бөлісіңіз:
Гетенің еңбектері қазақша кітап болып шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев немістің ұлы ақыны Гётенің туғанына 270 жыл толуына арналған «Адамзаттың алып ақыны» атты поэтикалық кешке қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Ассамблеяның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шара аясында неміс халқының ұлы ақыны И.В. Гётенің «Батыс-шығыс жинағы» атты неміс және қазақ тілдеріндегі (қазақшаға аударған Төрегелді Тұяқбай) кітабының тұсаукесері өтіп, «Гете – 270 жаста» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.


Мерекелік жиынның негізгі мақсаты – ұлы ақынның адамгершілік өмірімен таныстыру, оның философиясын, көзқарасын, рухани мұрасын, поэтикалық шығармалары мен әндерін көпшілікке тарату болып табылады.

Іс-шараға Неміс тілі орталығының басшысы Гульнара Фахрудинова, тарих ғылымдарының докторы, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, жазушы, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті шет тілі филологиясы кафедрасының меңгерушісі Айгүл Бишкенова және т.б. қатысты.

Гётe – бір ұлттың ұлы болып туып, бүкіл адамзаттың тұлғасына айналған ақын, талантына әлем бас иген классик-жазушы, философ, ғалым және өз заманының ықпалды мемлекеттік қайраткері. Сондықтан да, бүгін бүкіл өркениетті әлем ұлы тұлғаның мерейтойына арналған мәдени, ғылыми іс-шаралар өткізуде.

Қазақ жерінде Гётеге деген қызығушылық бұдан бір жарым ғасырға жуық уақыт бұрын туындағаны белгілі. Оның еңбектері ұлы Абайдың, Шәкәрімнің, Мәшһүр-Жүсіптің, Медеубай Құрмановтың, қазақтың басқа да ақындарының аудармалары арқасында жан-жаққа тарап, бұқара халыққа жеткен. Гёте тұлғасына, оның шығармашылығына деген қызығушылық ешқашан тоқтаған емес»- деп атап өтті өз сөзінде Ж.Түймебаев ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен шарада.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT