Героинді «лавр жапырағы» ретінде сақтаған адам ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдық полицейлер 5 кг героинді тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ірі мөлшердегі есірткі тиелген автомашина Интернациональная және Театральная көшелерінің қиылысында ұсталған. Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері ерекше ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтады деген күдікпен Петропавлдың үш тұрғынын ұстады.

«Тексеру кезінде автомашинаның артқы орындығындағы сөмкеден «Лавр жапырағы» дәмдеуіші түрінде жасырылған есірткі заттар табылды. Олардың жиынтық салмағы 4 килограмм 975 грамм болды. Сот-химиялық сараптамаларынан соң олардың героин екені анықталды», - делінген хабарламада.

Күдіктілер Петропавл ішкі істер басқармасының уақытша ұстау оқшаулағышына жіберілді. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып кетті. Полицейлер есірткі заттардың облыс аумағына әкелінуін егжей-тегжейлі тексеріп жатыр.

Жыл басынан бері есірткімен байланысты 150 құқықбұзушылық тіркеліп, заңсыз айналымда жүрген 70 килограмнан астам есірткі зат тәркіленді.

Айта кетсек, ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев Қазақстанның екі қаласында есірткінің ірі партияларының тәркіленгені туралы мәлім еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар