+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Героинді іш киіміне жасырып, сатып келген қостанайлық ұсталды

2021 жылғы 22 ақпан 12:57
Бөлісіңіз:
Героинді іш киіміне жасырып, сатып келген қостанайлық ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Жітіқара ауданының полицейлері есірткі саудасымен айналысып келген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысының тұрғыны ара ұяларына арналған арбада марихуана сақтаған Елордада есірткі сататын 4 жасырын интернет-дүкен анықталды Ұлттық ұлан сарбаздары Нұр-Сұлтанда есірткі жасырған адамды ұстады

Полиция бөліміне түскен жедел ақпараттан кейін қызметкерлер іздестіру іс-шараларын өткізді. Аталған факт расталды. Жітіқара тұрғынының пәтерінде есірткі заттары табылды.

«37 жастағы ер адам іш киіміне героиннің 17 түйіншегін фольгамен орап жасырған. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Имановтың айтуынша олар есірткіні сатып, 34 жастағы жүкті әйелі екеуі пайдаланған.

Аудандық сот күдіктілерге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын қабылдады»,-дейді полицияның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Қазір аса ауыр қылмыс жасаған ерлі-зайыпты ҚР ҚК 297-бабы, 3-бөлімінің 1-тармағына сәйкес сот алдында жауап береді. Олардың кінәсі дәлелденсе он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT