Germanwings апаты: қаза тапқан 78 адамның мүрдесі танылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Немістің Germanwings әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағы құлаған жерде жұмыс істеп жүрген тергеушілер онда болған 150 адамның 78-інің мүрдесін ДНК арқылы тани алғанын хабарлады.

Сонымен бірге, олар Германияның баспасөзінде қаза тапқандардың мүрделерінің арасында ұшқыш Андреас Любицтің денесі де болғаны туралы мәліметтерді жоққа шығарды. Айта кетейік, бірқатар БАҚ, оның ішінде ресейлік РИА НОВОСТИ агенттігі Андреас Лубитцтің мүрдесі де танылғандығы туралы хабар таратқан болатын.

Неміс әуе желілері қауымдастығының атап өтуінше, борт аппаратындағы жазатын құрал әлі де табылмаған, ал апатқа әкеліп соқтырған себептер барлық мәліметтер алынған соң белгілі болады, деп жазады Би-Би-Си.

Айта кетейік, сейсенбі күні Францияның оңтүстік-шығысында Германияның «Germanwings» әуекомпаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшырады. Апат салдарынан 150 адам, оның ішінде 3 қазақстандық мерт болды.

Соңғы жаңалықтар