Германияның солтүстігінде диверсия салдарынан пойыздар тоқтап қалды

None
БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Deutsche Bahn теміржол операторының мәліметінше, «байланыс инфрақұрылымына қарсы бағытталған саботаж актісі» 8 қазан күні таңертең Германияның солтүстігі мен солтүстік-батысында пойыздар қозғалысының тоқтауына әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Диверсия салдарынан Берлиннің негізгі теміржол вокзалындағы пойыздар, атап айтқанда, ел астанасы мен Кельн арасындағы қозғалыс тоқтап қалды. Барлық жүрдек және аймақтық пойыздар, сондай-ақ жүк тасымалы шамамен 3 сағатқа тоқтады.

Deutsche Bahn концернінің өкілі мұның себебі радиобайланыс жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін кабельдермен байланысты диверсия екенін айтты, онсыз пойыздардың қозғалысы мүмкін емес. Хабарланғандай, ақау жойылды.



Видеодан алынған кадр






Соңғы жаңалықтар