Германияның Экономика министрі елдегі жанармай тапшылығын растады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Германияның шығысында Ресейден келетін мұнайға салынған эмбарго жанармай тапшылығына әкелуі мүмкін, бірақ үкімет бұл жағдайды болдырмау үшін жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы сәрсенбі күні RTL телеарнасының эфирінде Германияның экономика министрі Роберт Хабек мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Өкінішке орай, мұны жоққа шығаруға болмайтынын айту керек. Шектеулі кезеңде мұнай, одан бензин тым аз болуы мүмкін. Бұл жағдайды жоққа шығармаймын, бірақ біз оны болдырмау үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді ол..


Соңғы жаңалықтар