+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Германияның денсаулық сақтау министрі коронавирус жұқтырды

2020 жылғы 22 қазан 08:06
Бөлісіңіз:
Германияның денсаулық сақтау министрі коронавирус жұқтырды

БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Германияның денсаулық сақтау министрі Йенс Шпаннан коронавирус анықталды, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус пандемиясы кезінде Германияда ең танымал болған 40 жастағы саясаткер бірден үй карантиніне жіберілді. Министр емді үйде қабылдайды.

Апта басында Й.Шпан үкімет отырысына қатысқан болатын. Ол вирус жұқтырушысы болуы мүмкін. Алайда, Германиядағы кейбір БАҚ-тың хабарлауынша, Й.Шпан гигиена ережелерін сақтап, маска таққан, сондықтан оның министрлер кабинетіндегі әріптестеріне карантинге кету міндетті емес.

Сондай-ақ, Германияда COVID-19 жұқтырушылар саны өсуде. Роберт Кох институтының мәліметінше, соңғы тәулікте елде 7 595 коронавирусқа шалдығудың жаңа жағдайы тіркелген. Ауру жұқтыру көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 51 сырқаттану жағдайын құрайды. Германияда пандемия басталғалы 380 мыңнан астам коронавирусқа шалыдғу жағдайы тіркелген. Олардың 302 мыңнан астамы емделіп шыққан. 9966 адам қауіпті індеттен көз жұмған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT