Германиямен құқықтық ынтымақтастық жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қарастырылған 5 институционалды реформаны жүзеге асыру аясында 18-20 шілде күндері құқық қорғау жүйесін жаңғырту бойынша ведомствоаралық жұмыс тобына жетекшілік ететін Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Б. Ермекбаев бастаған Қазақстан делегациясы Германия Федеративтік Республикасына сапарлады, деп хабарлайды ГФР-дегі ҚР Елшілігі.

Сапардың басты мақсаты - құқық қорғау органдарында кадрларды іріктеу және дайындау, федералдық және жер полициясы арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру, қылмыстық жазалау жүйесін зерттеу бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы тәжірибелерімен танысу.

Сапар барысында Сыртқы істер министрлігі мен федералдық Ішкі істер министрлігінің (Берлин), аймақтық полиция органдары және пенитенциарлық жүйе, сондай-ақ полиция академиясы (Төменгі Саксония) басшылығымен кездесулер өткізілді.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесі қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және олардың қаржылай ризалығы, құқық қорғау қызметінің мәртебесі мен тиімділікті арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында ескерілетін болады.

Сапар барысында Н. Ермекбаев Бремендегі «Райнметал груп» әскери-өнеркәсіптік кәсіпорнында болды, онда өндірілетін өнімдердің үлгілері ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар