Германиялық MMA файтері жеңімпаздар тұғырына Қазақстанның туымен шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аралас жекпе-жектен Еуропа чемпионатында (IMMAF) Эдуард Кексель қазақстандық байрақпен марапаттау рәсіміне шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Кексель Қостанай облысында дүниеге келген, бірақ көп жылдар бойы Германияда өмір сүріп, халықаралық жарыстарда немістердің атын қорғаған. Дегенмен Эдуард Еуропа чемпионатында оған өмір сыйлаған елге құрмет көрсетуге шешім қабылдады.

Айқастың жеңімпазы жеңіс тұғырына туған елінің көк байрағын көтеріп шықты. «Мен Қазақстан құрамасын жарыстарда көргеніме өте қуандым. Мен финалдық жекпе-жекті жеңіп алған кезде, қазақстандық жігіттерден марапаттау рәсімінде еліміздің туын өзіммен алып шығуға уақытша сұрап алған болатын. Мен Отанымды сағындым», - дейді Эдуард Кексель.

Соңғы жаңалықтар