Германиялық мамандар ерекше балаларға көмек көрсетудің жаңа әдісін үйретуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордаға Германиядан келген мамандар сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу бойынша шеберлік сабағын өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шеберлік сабағына Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 мамандандырылған балалар үйінің, «Қасиетті жол» қайырымдылық қорының және Атыраудағы «Болашақ» қоғамдық қорының мамандары қатысып жатыр.

Германиядан келген маман Норберт Фельдман былтыр мамыр айында осында келіп, кинестетиканың бастапқы деңгейін үйреткені туралы айтты.

«Бұл жолы мамандар кинестетиканы тереңірек меңгеретін болады. Осы салада еңбек еткеніме 20 жылдан асты, ал Қазақстанға келіп, білгенімді үйретіп жүргеніме 6-7 жыл болды. Өзімнің тұңғышым өмірге келген кезде ұзақ уақыт ауырды, сол кезде мен кинестетиканы тереңірек меңгеруге ден қойдым. Жалпы кинестетика балаларға ғана емес, тірек-қимыл жүйесі бұзылған кез келген адамға көмектеседі. Кинестетика әдісі іс-қимылды бұлшықетке салмақ түсірмей, ауырсынуды болдырмай жасауды үйретеді. Бұл әдісті мамандар ғана емес, дертке шалдыққан балалардың ата-анасының меңгеріп алуы – өте маңызды», - дейді ол.

Сондай-ақ, ол кинестетика – іс қимыл туралы ғылым екенін айтты.

«Біз күн сайын әртүрлі іс-қимыл жасаймыз. Қандай қимыл арқылы денсаулық жағдайымызға жақсы әсер ете алатынымызды білу – маңызды. Ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандар бұл әдісті терең меңгеріп, қолдана білулері керек. Бұл адамның жұмысқа деген қарым-қабілетін арттыруға көмектеседі», - дейді маман.



Соңғы жаңалықтар