+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Германияға келген босқындар саны өсуде

2021 жылғы 25 қазан 18:13
Бөлісіңіз:
Германияға келген босқындар саны өсуде

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Германияның шығысына заңсыз келіп жатқан босқындар саны артуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі неміс БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, осы жылдың тамызында неміс-поляк шекарасында 209 адам ұсталған. Олардың басым бөлігі Таяу Шығыс елдерінен келген. Қыркүйекте олардың саны 1164-ке жеткен. Қазанда Германияға баспана іздеп келгендер саны 2 мың адамға жуықтаған. Заңсыз босқындар Польшамен шектесетін Бранденбургке, Мекленбург-Батыс Померания және Саксонияға келіп жатыр. Неміс-поляк шекарасының ұзындығы 460 шақырымды құрайды. 2021 жылы ГФР-ге 80 мың адам баспана сұрап, өтініш жіберген.

Германия билігі қорғаныс шараларының бірі ретінде көрші Польшадан Беларусьпен шекараны қорғауды күшейтуді сұрап отыр. Шекара жабылмайды, деп растады Германия ішкі істер министрі Хорст Зеехофер. Шекарадағы қозғалыс тоқтаса екі елдің экономикасы да зардап шегеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT