Германиядағы ойын-сауық саябағында ондаған адам жарақаттанды

None
None
БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Германиядағы ойын-сауық саябағында аттракционға отырған ондаған адам жарақаттанды, олардың бірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ABC News-ке сілтеме жасап.

Оқиға Баварияның Гюнцбург қаласындағы Legoland саябағында болған. Демалушылар «Америкалық төбешікте» апатқа ұшырады. Бір пойыз тоқтаған, артынан келе жатқан екіншісі толық тежелмей, оған соғылған.

Оқиға салдарынан 31 адам зардап шекті, оның ішінде біреуі ауыр жарақат алды. 16 адам ауруханаға жеткізілді. Тағы 15 адам ауруханаға жатудан бас тартты. Дәрігерлер оларды сол жерде тексеріп, үйлеріне жіберді. Зардап шеккендер арасында 10 бала, бір жасөспірім және 20 ересек адам бар. Екі пойызда барлығы 38 адам болған.

Полицияның хабарлауынша, оқиға орнына сақтық шарасы ретінде үш құтқару тікұшағы жетті, бірақ оларды жұмылдыру қажет етілген жоқ.

Аттракцион тергеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жабылды.

Ресми тұлғалардың айтуынша, өткен аптада немістің Klotti Park ойын-сауық саябағындағы «Америкалық төбешіктен» құлаған бір адам қайтыс болған.





Фото: abcnews.go.com

Соңғы жаңалықтар