Германиядағы ереуіл: Қазақстандық жолаушыларға билет ақшасы қайтарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франкфурт әуежайындағы қауіпсіздік қызметкерлерінің ереуілінен Қазақстан мен Германия арасындағы бірқатар әуе рейстері тоқтатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Эйр Астана» мен «Lufthansa» әуе компанияларының хабарлауынша, барлық жолаушыларға рейстің ұшпайтыны туралы хабарланды. Олардың билеттері басқа рейстерге ауыстырылды және кейбірі билеттің толық ақысын қайтарып алды», - деп жазды комитет.

Бұған дейін Германияның сегіз әуежайында ереуіл болатыны хабарланған еді.

Атап айтар болсақ, Ver.di кәсіподағы елдегі сегіз әуежайдың қауіпсіздік қызметтері өкілдерін ереуілге шақырды.

Майндағы Франкфурт, Ганновер, Бремен, Гамбург, Мюнхен, Лейпциг, Дрезден және Эрфурт қалалары әуежайларының қауіпсіздік қызметкерлері 15 қаңтар, сейсенбі күні ереуілге шықты. Салдарынан аталған әуежайлар жұмысында айтарлықтай үзілістер болды.

Соңғы жаңалықтар