+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Германиядағы атыстан 8 адам мерт болып, 5 адам жарақаттанды

2020 жылғы 20 ақпан 09:10
Бөлісіңіз:
Германиядағы атыстан 8 адам мерт болып, 5 адам жарақаттанды

ХАНАУ. ҚазАқпарат – Батыс Германия полицейлері Ханау қаласында 8 адамды атып кеткен қылмыскерлерді іздестіруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Wellеге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нұра өзенінің рұқсат етілмеген жерінде шомылмақ болған 20 жастағы жігіт суға батып кетті Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 13 млн-нан асты Молдовада төтенше жағдай 31 шілдеге дейін ұзартылды

Жергілікті полиция өкілдерінің хабарлауынша, Германияның Ханау қаласында сәрсенбі күні кешке екі жерде болған атыс салдарынан 8 адам мерт болып, тағы 5 адам жарақат алды. Қайғылы оқиға 19 ақпан күні кешкі сағат 10:00-дер шамасында қаланың әртүрлі бөлігінде орналасқан екі кальян барында болған.

Қылмыскерлер қаланың ортасындағы бірінші барда атыс қаруынан үш адамды өлтірді. Содан кейін Кессельштадт ауданындағы екінші кальян барына барып, бес адамның өмірін қиды.

Билік өкілдері ауданды толығымен қоршауға алды, полиция оларды іздестіріп жатыр. Оқиғаның себебі түсініксіз, полиция азаматтарды оқиғаға қатысты қандай бір мәлімет болса – құқық қорғау органдарымен байланысуға шақырды.

Айта кетсек, Ханау – 100 000 тұрғыны бар Гессен жеріндегі қала. Ол Франкфурттың шығысына қарай 25 шақырым жерде орналасқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT