Германияда жүздеген жастар дүкендерді тонап, 19 полицейді жарақаттады

None
None
ШТУТГАРТ. ҚазАқпарат – Германияның Штутгарт қаласында сенбіден жексенбіге қараған түні жаппай тәртіпсіздіктер орын алды: жүздеген адам дүкендерді қиратып, полицейлерге шабуыл жасады. 20-ға жуық полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды ВВС.

Тілшілерге Штутгарт қаласы полициясының вице-президенті Томас Бергер мәлім еткендей, қақтығыстар есірткі қолдану фактісі бойынша полицейлер 17 жастағы ер баладан жауап алғаннан кейін басталды. Тәртіп сақшылары сол күні кешке есірткі сатушыларды ұстау шараларын өткізген.

Осыдан кейін Шлоссплатц орталық алаңында басым бөлігі жастардан құралған 100-200-ге жуық адам полицейлерге тас пен бөтелкелер лақтыра бастаған. Шабуыл жасаушылардың қатары жылдам артып, 500-ге жеткен. Олардың дені бетпердеде немесе капюшонда болған.

Жиналғандар сондай-ақ қала орталығында дүкендердің витриналарын сындырып, тонаған.

Салдарынан 19 полицей жарақат алды, 12 патруль көлігі зақымданды. Барлығы 40 дүкенге шығын келді, оның 9-ы тоналды.

Соңғы жаңалықтар