Германияда жолсеріктер ереуілге шықты: 100 рейс кейінге қалдырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Lufthansa тобына кіретін төрт әуе компаниясының жолсеріктері ереуіл жариялады. Осыған байланысты Берлин, Гамбург, Мюнхен, Майндағы Франкфурт, Дюссельдорф және Кельн әуежайларындағы рейстер кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Мұның алдында ереуілді 20 қазанда сағат 5-тен 11-ге дейін өткізу жоспарланған. Бірақ қызметкерлер оны түн жарымына дейін созуға шешім қабылдады.

Ереуілге Eurowings, Germanwings, SunExpress және CityLine компанияларының қызметкерлері қатысуда.

Халықаралық Берлин-Тегель әуежайы 15-рейсті тоқтатты, ал Гамбургте - 12, Мюнхен әуежайында – 10-ға жуық.

Майндағы Франкфурт, Дюссельдорф және Кельн әуежайлары кейінге шегерілген рейстерінің нақты саны қаншама екендігін айтпай отыр.

Соңғы жаңалықтар