Германияда жоғалған бала сегіз күннен кейін кәріз құбырынан тірі табылды
2022 жылғы 29 маусым 11:21

Германияда жоғалған бала сегіз күннен кейін кәріз құбырынан тірі табылды

ОЛЬДЕНБУРГ. ҚазАқпарат – Германияда із-түзсіз жоғалған бала кәріз жүйесінде бір аптадан астам жатып, тірі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News басылымына сілтеме жасап.

Германияның Ольденбург қаласында 17 маусым күні Джо есімді сегіз жасар бала үйінің бақшасында жүріп, жоғалып кеткен. Бала сенбі күні таңертең табылған. Оның айқайлаған дауысын жолда кетіп бара жатқан адам кәріздің люгінен естіп қалған.

Өрт сөндірушілер баланы үйінен 300 метр жердегі кәріз құдығынан шығарып алған. Зардап шегуші қатты тоңып қалған, ол ауруханаға жеткізілді. Бірақ, айтарлықтай жарақат алмаған.

Сенбі күні құқық қорғау органдары баланың кәріз жүйесіне кіріп, ішінде адасып кеткенін мәлімдеді.

Оның ата-анасы жергілікті БАҚ-қа баласының денсаулығы жақсы екенін хабарлады.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT