Германияда су тасқынына байланысты әскери апат режимі енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Германияда елдің батысындағы су тасқынына байланысты әскери апат режимі енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Дүйсенбіден бері аймақта екі айлық мөлшерде жауын жауып, Рейннің екі саласы – Ар және Мозель және бірнеше кішірек өзен арнасынан асты.

Әсіресе Солтүстік Рейн-Вестфалия және Рейнланд-Пфальц жерлері зардап шекті. Топырақтың шөгуіне байланысты кейбір үйлер құлады. Ал кейбір тұрғындар көтеріліп жатқан судан қашып, шатырда көмек күтуге мәжбүр болды. Өңірде құтқарушылар мен 900-ге жуық әскери қызметші жұмыс істейді.

Су тасқыны салдарынан жүзден астам адамның өлімі расталды. Тағы мыңға жуығы хабар- ошарсыз кеткен. Билік олардың саны аз болуы мүмкін екенін айтады. Алайда жолдарды су басып, ұялы желінің болмауына байланысты көптеген адамдар зардап шеккен аудандарда тұратын туыстарымен хабарласа алмай отыр.

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер қайтыс болған жандардың отбасына көңіл айтып, қолдау білдірді. Сондай-ақ елдерді жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруіне қарсы тұру үшін көп күш салуға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Германиядағы су тасқынынан құрбан болғандар саны 59 адамға жеткені және жүздеген адамның хабар-ошарсыз кеткені хабарланған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар