+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Германияда синагоганың жанында атыс болды

2019 жылғы 9 қазан 18:00
Бөлісіңіз:
Германияда синагоганың жанында атыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Германияның шығысында орналасқан синагоганың жанында атыс болды. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, екі адам опат болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елорданың сусыз қалған үйлеріне 70 мың литр ауыз су жеткізілді Көкшетауда «ВАЗ 2110» көлігін полиция патрулі қуып жүріп ұстады «Астана Су арнасы» кей үйлерде судың тоқтап қалу себебін түсіндірді

Сәрсенбі күні белгісіз біреу Галле қаласында (Саксония-Анхальт федералдық жері) автоматтан оқ жаудырған.

Оқыс оқиға салдарынан екі адам мерт болды.

«Қолда бар деректер бойынша екі адам қаза тапқан. Оқ жаудырғандар автомобильге мініп, ізін суытқан», - деп жазды қалалық полиция Twitter-де.

Тәртіп сақшылары тұрғындардан пәтерінен шықпауын, оқыс оқиға болған жерде жүрмеуін ескертіп жатыр.

Bild газетінің жазуынша, атыс синагоганың жанында болған. Белгісіз біреу еврейлер жерленген молаға гранат та лақтырған.

Одан кейін Галле түбіндегі Видерсдорф елді мекенінде де атыс болған. Бірақ ол туралы толықтай ақпарат жоқ.

Полиция атыс болған жерді қоршауға алды.

Deutsche Bahn концерні атысқа байланысты қаладағы теміржол вокзалын жапқанын мәлімдеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT