Германияда мигрант ер адам әйел мен баланы пойыздың астына итеріп жіберді

None
None
ФРАНКФУРТ-НА-МАЙНЕ. ҚазАқпарат – 29 шілдеде Майндағы Франкфурт орталық вокзалында ер адам енді ғана келген жүргек пойыздың рельсіне 8 жасар ұл мен анасын итеріп жіберген. Бала қаза тапты, ал әйел тірі қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Қылмыскер қашып кетпекші болған, бірақ оны куәгерлер ұстап алып, полицияға берген.

Полицияның дерегі бойынша, куәгерлер қалааралық экспресс пойыз жақындаған кезде қаскүнемнің тағы бір адамды рельске құлатып жібермекші болғанын хабарлады. Ол да аман қалған.

Тергеу барысында анықталғандай, шабуылдаушы – Швейцарияда тұратын 40 жастағы Эритрей азаматы. Үйленген, үш баласы бар. Тергеушілердің ақпараты бойынша, құрбандар мен оның арасында ешқандай байланыс болмаған. Ер адам 2008 жылы Швейцарияда баспана алған. Ол содан бес күн бұрын көршісін пышақпен қорқытып, кейін оған қамауға алу ордері берілген. Ол осыған байланысты Германияға сапарлауы мүмкін.

Германия прокуратурасында айыпталушы ер адамның есірткі пайдаланғаны немесе мас күйде болғаны туралы дәлел жоқ. Шабуылдаушы неліктен мұндай әрекетке барғанын айтпай отыр. Қазір оған психиатриялық сараптама тағайындалды.

Қайғылы оқиғадан кейін адамдар вокзалдағы мемориалға гүл шоқтары мен шамдар әкеліп жатыр. Германия ІІМ басшысы бұл оқиғаны «адам өлтіру» және «ауыр қылмыс» деп атады.

30 шілдеде Берлинде өткізілген арнайы баспасөз мәслихатында Германия ішкі істер министрі Хорст Зеехофер неміс теміржол вокзалдарындағы полиция санын арттыру керектігін мәлім етті.

«Бұдан бөлек қауіпсіздікті күшейту үшін техникалық мүмкіндіктерді зерттеу керек», - деді осы оқиғаға байланысты демалысын үзген министр.

Соңғы жаңалықтар