Германияда коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Германияда жаңа коронавирус түрін жұқтырған алғашқы адам тіркелді. Бұл туралы Бавария Денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күні кешке мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА меншікті тілшісі DPA агенттігіне сілтеме жасап.

Науқас ер азамат - Мюнхеннен оңтүстік-батысқа қарай шамамен 30 километр жердегі Бавария федералдық жеріндегі Штарнберг қаласынан.

«Ол медицина қызметкерлерінің бақылауында және оқшауландырылған», - делінген мәлімдемеде.

Бавария Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі тұрғындар арасында ауруды жұқтырып алу қаупі төмендігін мәлім етті.

Науқаспен тығыз байланыста болғандардың барлығына аурудың белгілері, жеке гигиена шаралы мен вирустың қалай таралатыны туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ, коронавирус жұқтырғандар Оңтүстік Корея, Тайвань, Таиланд, Непал, Вьетнам, Сауд Арабиясы, Сингапур, АҚШ, Франция және Австралияда тіркелген.

Автор:

Тимур Дюсекеев

Соңғы жаңалықтар