Германияда қобызшы Раушан Оразбаеваға арналып сайт жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда қобызшы Раушан Оразбаеваның өнеріне тәнті азаматтар оған арнайы сайт жасап берді. Бұл туралы Рүстем Нұркенов атты азамат өзінің фесбуктегі парақшасында бөлісті.

Осылайша қазақтың ұлттық музыка өнеріне тәнті жастар, замануй технологияларды мәдениетпен, өнермен ұштастырып отыр.

Ал өнерсүйер қауымның бұл әрекеттеріне риза болған желі оқырмандары игіс іске өздерінің ризашылықтарын жасыра алмай ой-пікірлерін білдірген.

«Әне, қобызға арналған сайт бізде жоқ, ал оларда бар. Ақпараттық порталдар осындай қарапайым дизайнмен де ашып бермейді ғой. Күздің соңына таман сайт жасауды үйренуді қолға алмақпын. Көреміз сонда»,-делінген Рүстем Нұркеновтың жазбасында.

Жазбада тіпті сайттың қарапайым болса да ерекше талғаммен жасалғаны көрініп тұр. Шетелдегі жастар міне, Елбасы көтерген рухани жаңғыру мәселесіне осылайша үлес қосуда деуге болады. Аталмыш бастама болашақта Қазақстанның өнерсүйер қауымы тарапынан да қолдау тауып, рухани құндылықтар заманауи жетістіктермен жетіліп жатса нұр үстіне нұр болар еді, әрине.

Бұл өз кезегінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек»,-деген сөздерімен үндесері сөзсіз.

  

Соңғы жаңалықтар