Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 7 °С
Алматы: 5 °С
USD 326.00 EUR 382.20
RUB 5.29 CNY 51.05
Жаңалықтар

Германияда қазақтың дәстүрлі тағамдарынан дастархан жайылады

2018 жылғы 15 ақпан 14:38 1031
Бөлісіңіз:
Германияда қазақтың дәстүрлі тағамдарынан дастархан жайылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бренді Германияда 7-11 наурыз аралығында өтетін халықаралық туристік ITB Berlin 2018 көрмесінде таныстырылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда арзандатылған бағамен туристік ұшақтар қатынай бастайды Алакөлдегі демалыс орындарына келушілер саны азайтып көрсетіледі

Алматы туралы стенд Қазақстан павильонының 1/3 бөлігін алмақ.

Visit Almaty туристік орталығынан хабарлағандай, Қазақстан стенді 3 негізгі компоненттен Алматы қалалық туризм жәе сыртқы байланыс басқармасының, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының,  Астана ЭКСПО тақырыбынан құралады.

Келушілер қазақ елінің салт-дәстүрі бойынша  киіз үй құрып, қара жорға билеп, сондай-ақ сазсырнайда ойнап, құрт әзірлеуді үйренетін болады. 

Сонымен қатар шараға Қазақстанның ірі туристік операторларының өкілдері қатысады.

«Әлемнің көптеген елінде туризм экономиканың маңызды қозғалтқыш күші болып табылады. Туризм индустриясы әлемдік ЖІӨ 10 пайызын құрайды. Ал Алматыда бұл көрсеткіш тек 1,5% болып отыр. Сондықтан, бұл шараға қатысу арқылы Алматы қаласының туристік әлеуетін арттыру көзделіп отыр. Көрмеге этномәдени мұралар қойылып, көмеймен айтылатын ән, қазақ күйі шарықтап, ұлттық ас мәзірі, кәдесыйлар ұсынылады»,- деді басқарма басшысы Ерлан Жайлаубай.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат