Германияда химиялық қару қолдану арқылы теракт жасамақ болғандар ұсталды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Германияның батысында полиция екі адамды ұстады. Оларға химиялық қаруды пайдалана отырып, террористік акт жасамақ болды, деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews.com сайтына сілтеме жасап.

БАҚ мәліметтері бойынша күдіктілер 32 жастағы Иран тумасы және оның бауыры. Олар цианид пен рицинді қолданап отырып, шабуыл жасамақшы болған. Күдіктілер тұрып жақан пәтерге полиция тінту жүргізді. Құқық қорғаушылар тексерілетін жерге химиялық және биологиялық қаруға қарсы пайдаланылатын киім киіп шыққан.

Прокуратураның хабарлауынша, пәтерде улы заттардың ізі жоқ, соған қарамастан тергеу дәлелдерді тапты.

Полиция әзірге осы оқиға бойынша қандай да бір мәлімет беруден тартынып отыр.

Фото: Daniel Löb, dpa, Globallookpress


Соңғы жаңалықтар