Германияда газды тұтыну көлемін 20 пайызға қысқарту ұсынылды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Германияның газ қоймалары тамыз айының ортасындағы жағдай бойынша 75 пайызға толған. Мұндай мәліметтерді Германияның Федералдық желілік агенттігінің басшысы Клаус Мюллер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

К.Мюллер газ қоймаларын төрттен үшке толтыру мерзімінен бұрын (екі апта) мүмкін болғанын атап өтті. Федералды үкіметтің келесі мақсаты – биылғы жылдың 1 қазанына дейін газ қоймасын 85% толтырылуына қол жеткізу.

К.Мюллер Financial Times газетіне берген сұхбатында тұтынушылар газды кем дегенде 20% үнемдеуі керек екенін атап өтті. Ол тұтынудағы айтарлықтай үнемдеу қыста газ тапшылығын болдырмаудың тиімді әдісі деп санайды. Оның айтуынша, Германия үнемдеумен қатар көршілес елдерге газ тасымалдауды қысқартуға мәжбүр болады. «Егер біз энергияны көп мөлшерде үнемдей алмасақ және қосымша газ көлемін алмасақ, алда қиындықтар күтіп тұруы мүмкін», - деп ескерті К.Мюллер.


Фото: verelq.am




Соңғы жаңалықтар