Германияда электр пештеріне сұраныс өсті

None
None
БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Алдағы қысқа болжанған энергетикалық дағдарыс Германия тұрғындарын алаңдатып үлгерді. Елдегі барлық электрмен жылтатын пештер сатылып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kimdeyir-ге сілтеме жасап.

GFK нарықты талдау агенттігінің мәліметінше, 2022 жылдың алғашқы алты айында 600 мың электр жылытқышы сатып алынған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сату көлемі 35 пайызға артты.

Eisen Doring бөлшек сауда желісінің иесі Фрэнк Доринг соңғы екі айда электр жылытқыштарының сатылымы айтарлықтай өскенін және олардың тапшы екенін мәлім етті. Қыркүйек, қазан немесе қараша айларында жабдық жеткізілуі мүмкін. Алайда, жеткізілімдердің болатынын-болмайтынын ешбір фирма нақты айта алмайды.

Мұнай және таза отын жөніндегі сарапшы Томас О'Доннелл биылғы қыста елге отынның 30% қажет болатынын атап өтті.


Фото: ru.euronews.com

Соңғы жаңалықтар