Германияда екі ұшақ соқтығысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда Эркеленц-Кюкховен әуежайы маңында екі жеңіл моторлы ұшақ соқтығысты, деп хабарлайды  Rheinische Post.

Олардың біреуі толықтай жанып кеткен. 70 жастағы ұшқыш оқиға орнында қаза тапты.

Ал екінші ұшақта болған 60 жастағы ұшқыш ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша,  оның жағдайы аса ауыр.

Апат салдары әзірге белгісіз. Ұшқыштардың екеуі де тәжірибелі, ұзақ уақыт жергілікті аэроклубтың мүшесі болған.

Оқыс оқиғаның себеп-салдары тексеріліп жатыр. 

Алдын ала болжамға қарағанда, ұшақтардың бірі қонуға бет алған, ал екіншісі әуеге көтерілген.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары апаттың не себепті болғандығын тексеріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар