Германияда дін қызметкерлері 3 мыңнан астам адамға зорлық көрсеткен

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Германияда 3 677 адам католик шіркеуі дін қызметкерлерінің тарапынан сексуалды зорлық-зомбылыққа тап болған. Бұл жөнінде Der Spiegel журналы мен Die Zeit газеттері зерттеу нәтижелеріне сүйеніп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Белгілі болғандай, Германияда 1 670 дін қызметкері 1946 жылдан 2014 жылға дейін 3677 адамға қатысты сексуалды сипатта қылмыс жасаған. Жапа шеккендердің басым көпшілігі - кәмелет жасына толмаған ұл балалар.

Неміс епископтары конференциясының тапсырмасымен өткізілген 350 беттік зерттеуді үш неміс университеті ұйымдастырған. Құпия құжатты 25 қыркүйекте кардинал Рейнхард Маркс таныстырады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар